Қазақстанда кафе-мейрамханадағы баға бір жылда 23% қымбаттаған

Елімізде қоғамдық орындарда тамақтану кезінде көрсетілетін қызмет түрі қымбаттаған, деп хабарлайды Ranking.kz ресурсы.

Өткен жылдың қарашасында қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызметі бір айда 2,7%-ға, ал бір жылдың ішінде 23,4%-ға қымбаттады.

Әсіресе баға өсімін Жетісу облысының тұрғындары қатты сезінді. Аталған өңірде бірден 13,9%-ға өскен.

Сондай-ақ, үштікке Шымкент және Алматы облысы да кірді. Онда бір айда 9,9% және 7,3%-ға артқан. Жеті өңірде бір айдың ішінде баға өзгермеген.

Жылдық динамикада бағаның қатты өсімі сол Жетісу облысында тіркелді. Қызмет көрсету құны бірден 44,7%-ға артқан.

Одан бөлек, Шымкент (40,3%) пен Астанада (38,5%) баға айтарлықтай өскен. Ең төмен баға Павлодар облысында байқалды, жыл ішінде 6,2%-ға артқан.

Қоғамдық тамақтану объектілері арасында асхана қызметі бір жылда 26,6%-ға, жылдам тамақтану орындарында 17,1%-ға, мейрамхана, дәмхана және соған ұқсас мекемелерде 20,6%-ға қымбаттады.

Оның ішінде мейрамханада түскі ас құны 19%-ға, ал асханада 26,6%-ға өсті.

Мейрамхана мен дәмханада қызмет көрсету бағасының ең жоғары жылдық өсімі Жетісу облысында (44,4%), ең төмені Алматыда (5,2%) тіркелді.

Жылдам тамақтану орындарында қызмет бағасының елеулі өсімі Атырау облысында (38%), ал арзаншылық Павлодар облысында (4,5%) байқалды.

Асхана қызметі бойынша жоғары баға Жетісу облысында (52%), ең төменгісі Павлодар облысында (7%).

Сонымен қатар, өткен жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру орындарын жалға алу құны бір жылда 5%-ға өсті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте