Бейнеу аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары ұсталды

Бүгін сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне байланысты Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетов ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz Телеграм-арнасы

«9 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Маңғыстау облысы бойынша ҰҚКД және Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін Бейнеу ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Т. Есбағанбетовті ұстады», - деп жазды ақпарат көзі.

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте