Екі күнде республика бойынша 14 адамға иіс тиіп, 3 адам қайтыс болды

Екі күнде 14 адам ауырлығы әртүрлі дәрежедегі газдан улану себебімен ауруханаға жатқызылып, 3 адам қайтыс болды. Бұл туралы  Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлайды.

19 желтоқсанда Семей қаласында қос қабатты тұрғын үйдің 2-қабатында қатты отынмен жылытылатын пешті пайдалану ережелері бұзылғандықтан, түтін мұржасы тартпай қалып, газдан уланған 1994 ж.т., 1971 ж.т. және 1997 ж.т. 3 адам ауруханаға жатқызылды.

19 желтоқсанда Астанада пешпен жылытудың ақаулығына байланысты 2 қабатты жеке тұрғын үйде газдан орташа ауырлықта уланған 1970 ж.т., 1990 ж.т., 1994 ж.т., 2012 ж.т., 2015 ж.т., 2018 ж.т. азаматтар ауруханаға жеткізілді.

18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Малеевск кентіндегі орталық ауруханасына газдан улану белгілері бар 15 жастағы жасөспірім ауруханаға жатқызылды. Апат мұржаның тазаланбауы салдарынан болған. Алтай ауданы ТЖБ қызметкерлерінің тексеруі нәтижелері бойынша улы газ пеш қабырғасындағы жарықтар арқылы моншаға өткені анықталды. Пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 1983 жылы туған үй иесіне қатысты ӘҚБтК 410-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Айта кету керек, бұған дейін ТЖБ мамандары осы үйге барып, түбіртек-ұсынысты тапсыра отырып, қауіпсіздікке нұсқау берген болатын.

18 желтоқсанда Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы жеке тұрғын үйде газ колонкасын пайдалану ережелері бұзылғандықтан, газдан уланған 1959 жылы туған үй иесі және 1990 жылы туған азамат, сондай-ақ 11 және 7 жастағы балалар ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына ТЖД-ның 1 қызметкері және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның 3 қызметкері барды.

19 желтоқсанда Жамбыл облысы Қонаев ауылынан 40 км жердегі «Шәріпхан» шаруа қожалығындағы жеке тұрғын үйде пешті пайдалану ережелері бұзылғандықтан газдан уланып, отбасының 1965 ж.т, 1969 ж.т. және 2008 ж.т. үш мүшесі қайтыс болды. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамының 2 қызметкері мен 1 техникасы шықты.

ТЖМ пештегі жарықтарды жою, мұржаны 3 айда кемінде 1 рет тазалау, аязда пешті қатты қыздырмау, ұзындығы от жағу құрылғысының өлшемінен аспайтын отынды пайдалану қажеттігін ескертеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте