Өткен түнде жолшылар 300-ден астам жүргізушіге көмек көрсетті

26 қарашадан 27 қарашаға қараған түні жолшылар полиция қызметкерлерімен бірлесе қар құрсауында қалған жүргізушілерге көмек көрсетті. Мәселен, Абай облысындағы "Алматы-Өскемен" тасжолында жолшылар жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге 100-ден астам жүк көлікті, сондай-ақ 45 жолаушы мінген 2 автобусты қар құрсауын шығарып, сүйемелдеді. Сондай-ақ, жанармайдың қатып қалуына байланысты жолда тұрып қалған жүк көліктерінің жүргізушілерін жылы қораптарға жеткізді.

Абай облысындағы "Таскескен-Бахты" трассасының 1 және 2 шақырымдарының аралығында қатты боран мен көрінудің төмендеуіне байланысты автокөлік құралдарының кептелісі пайда болды. Жолшылар 3 автобусқа, 6 жүк көлігіне және 40 жеңіл көлікке көмектесті. Жолаушылар жақын маңдағы Таскескен елді-мекеніне жеткізілді.

Ақмола облысындағы "Астана-Ерейментау-Шідерті" тасжолында Новосибирск қаласына жол жүрген Ресей Федерациясы азаматтары мінген көліктің жанармайы қатып қалғандықтан, олар Ерейментау қаласына жеткізілді.

"Омбы-Майқапшағай" республикалық автожолында 45 жеңіл автокөлік пен 20 жүк көлігіне көмек көрсетілді. Көлік құралдары Майқапшағай бақылау өткізу пункті қасында қар құрсауынан шығарылып,
Қаратал ауылына дейін жеткізілді.

Сонымен қатар, ҚазАвтоЖолдың тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталығының операторлары өткен түнде республикалық трассаларды пайдаланушылардан келіп түскен 1200-ге жуық қоңырауды өңдеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте