AFSA GB Finance Ltd. Компаниясы лицензиясының жұмысын тоқтатты

“Астана” халықаралық қаржы орталығының қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі Комитеті” (AFSA) GB Finance Ltd компаниясының реттеулік қызметтегі аса маңызды шарттарды бұзғаны үшін осы компания лицензиясының жұмысын тоқтатты.

Дәлрегінде, компания мынадай шарттарды бұзды:

• АХҚО Валюталық реттеу Шарттарын;

• Капиталдың ең төмен деңгейдегі талаптарын сақтауды;

• Компаниямен байланысты адамдарды несиелеу лимитінен асып кеткен;

• Ірі мәмілелердің лимиті;

• Пруденциалдық нормативтерді өрескел бұзу немесе бұзуы мүмкін жағдайлар туралы, оларды жою бойынша шаралар туралы AFSA-ны хабардар етпеген;

• Кейбір сатып алған нәрселерінің компанияның ресурстарына және тәуекел профиліне әсер ететіндігі туралы ақпаратен AFSA-ны хабардар етпеген; және

• Реттеушінің талаптарын және оның алдындағы міндеттерін дұрыс бағаламағандықтан компанияны басқару мен бақылау бойынша өрескел талап бұзушылықтарға жол берген;

AFSA миссиясы әділ және ашық қаржылық, капитал нарығын қамтамсыз ететін орта құру, өйткені жеке тұлғалар мен кәсіпорындар соған қарай бой түзейді, әрі АХҚО мен AFSA сүйенетін халықаралық жоғарғы корпоративтік басқару талаптарына сай болу.

«GB Finance Ltd., оның басшылығы және ірі акционері реттеушінің талаптарын дұрыс түсінбейтіндігін аңдатты, сөйтіп басқарудың қажетті стандарттарынсыз, талаптардың тиімді жүзеге асырылуын бақылауға алмай осы компаниямен байланысты адамдармен көптеген мәміле жасалған. AFSA үшін АХҚО қаржы жүйесінің толық жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның тұтынушыларының құқығы мен әл-ауқатын қорғау негізгі міндет. Талаптарды бағаламайтын және оларды ескеріп-елемеген компанияларға АХҚО мен AFSA-да орын жоқ. Оларға қатысты AFSAосындай шешімдер қабылдайды», - деді AFSA Бас директорының орынбасары Гаррет Линг.
 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте