Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе рейстерінің саны артады

Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстері қатынай бастайды. Бұл туралы  ИИДМ хабарлайды.

«Turkish Airlines» түрік әуе компаниясы ағымдағы жылдың 20 қарашасынан бастап А-320 және Б-737 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен Алматы-Анкара бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды жоспарлап отыр»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар осы жылдың 5 желтоқсанынан бастап Астана және Анкара қалаларына арасында аптасына 2 рейс жиілігімен жаңа рейс қатынайтын болады.
Рейстерді ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте