Ақмолаға оңтүстік өңірден марихуананың ірі партиясын жеткізуші ұсталды

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек Жолы кентінің өткізу терминалында арнайы операция жүргізілді. Бұл туралы  POLISIA.KZ телеграм каналы хабарлайды.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің ақпараты бойынша, елорданың 43 жастағы тұрғыны біраз уақыттан бері Ақмола өңірінің аумағына есірткі заттарын жеткізумен айналысқан. Оны растау үшін жедел уәкілдер алдын ала бірқатар арнайы іс-шаралар өткізді, сонымен қатар шикізатты дилердің республиканың оңтүстік аймағынан әкелгенін анықтады.

Күдікті жолаушы ретінде отырған Chevrolet Cobalt автокөлігін тінту кезінде полицейлер салон ішінен, орындықтардың астынан екі полиэтилен орамасын тапты. Оның ішінде тағы үш полиэтилен және төрт қағаз орамасы болды. Марихуананың жалпы салмағы 1,5 келіден асады. Қызметтік иттер есірткінің иісін сезбесін деп, күдікті марихуана пакеттеріне қышқыл майонез жағып қойғаны белгілі болды.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеп-тексеру кезінде елордалық тұрғын қамауға алынды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте