Ауғанстан азаматтарын шекарадан заңсыз өткізу фактісі анақталды - ҰҚК

 Қазақстан шекарасынан Ауғанстан азаматтарын заңсыз өткізу фактісі анықталды, деп хабарлайды ҰҚК 

ҰҚК Шекара қызметі Орта Азия елдерінің бірінің жалған төлқұжатын ұсынған шетелдік азаматты 1,5 мың АҚШ доллары сомасындағы ақшаны алу кезінде ұстады.

«Жүргізілген тінту нәтижесінде бірнеше қазақстандық ұйымның мөрлері, 20 ауғандық төлқұжат, туу туралы куәліктер мен ҚР азаматтығы мен елде тұруға ықтияр хат алуға, тіркелуге және елде болу мерзімін ұзартуға негіз болатын басқа да құжаттар алынды», - делінген хабарламада.

Аталған факт қылмыстық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 394-бабы 1-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша тіркелді. Ұсталған адам Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте