Жасыл аула: алматылықтарға тегін көшет тарату науқаны басталды

 Алматыда тұрғындарға тегін көшет таратуға арналған «Жасыл аула» науқаны басталды. Бұл туралы қаланың экология және қоршаған орта басқармасы мәлім етті.

Науқан аясында көпқабатты үйлердің ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады.

Қатысушылар отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қояды.

Ал, қатысу үшін zhasyl.aula22@gmail.com электронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:

1. Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, ағаш отырғызылатын орынның нақты мекенжайы;

2. Ағаш отырғызылатын орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);

3. Сұралып отырған көшеттің түрі мен саны.

«Өтінімдер 17 - 25 қазан аралығында қабылданады. Көшеттерді тарату келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Ағаш отырғызу жұмыстарын 27 қазаннан бастап жүргізіп, фотоесеп жолдау қажет», - деп хабарлады Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасынан.

Айта кетейік, мамандар көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтініштердің қарастырылмайтынын мәлімдейді. Қосымша ақпарат алу үшін жасыл қорды басқару және мониторинг бөліміне келесі нөмір бойынша хабарласуға болады: +7777 068 56 38.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте