СҚО-да биыл қызметтік иттер 546 қылмысты ашуға көмектесті
СҚО-да жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттері 546 қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО ПД-ның балансында 51 қылмыстық-іздестіру иті бар. Неміс және бельгиялық овчарка, лабрадор, спаниельдер полицейлердің жұмысына көмектеседі. Оларды жұмыстың бірнеше бағыты – айдауылдау, із алу, есірткі, жарылғыш заттарды іздеу бойынша жаттықтырады.
Иттердің ең жасы – орыс аңшылық спаниелі екі жасар Гретта. Ол облыста анықталған барлық есірткі түрлерін іздеуге үйретілген. Қызметте ағымдағы жылдың сәуір айынан қолдануда, жетістіктері де бар. Бүгінде Гретта 5 рет қолданған, барлығы да нәтижелі. Оның иіс сезгіштігі арқылы алынған заттардың ішінде 50 кг марихуана, 12 гр гашиш, 286 гр синтетикалық есірткі де бар.
«Жалдамалы пәтерді тінту кезінде Гретта күдікті темекі тұқылымен күл салғыштың ішінде жауып жасырған «зиплок» пакетіндегі синтетикалық есірткіні тапқан. Бөтен иістер – иттің иіс алуына әсер ететін фактор, алайда Гретта орынды нақты көрсеткен», – дейді итпен жұмыс істейтін инспектор-кинолог Александр Борисенко.
СҚО ПД Кинологоиялық қызмет орталығының бастығы Самат Төлебаевтың айтуынша, жыл басынан есірткіні, негізінен синтетикалық есірткіні іздеуге полицияның төрт аяқты көмекшілері 10 рет қолданылған.
Жалпы 9 айдың ішінде қызметтік-іздестіру иттерді қолдану 546 қылмыстың ашылуына септігін тигізді. Олардың жартысына жуығы – 234-і ұрлық.
Вам может быть интересно: «2021 жылы жұмыс күші 2 есеге артты — Дүйсенова»