Биылғы күз жылы болады - синоптиктер

 Қазақстанның шығыс жартысының тұрғындары әлі де еуропалық антициклон ықпал ететін жылы ауа-райын сезіне алады.

Қара теңіз аймақтарынан келетін циклон елдің батысы мен солтүстік-батысына қарай жылжиды, күн бұлтты, жаңбырлы болады және температура біртіндеп төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

«Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында күндіз ауа температурасы 15-20, оңтүстікте 20-25 градус, ал батыста, солтүстік-батыста 20-25 градус жылы болады. Республиканың солтүстігінде ауа температурасының біртіндеп 6-15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін», - деп хабарлады синоптиктер.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте