Астана - Петропавл тас жолында бұланның кесірінен екі жол-көлік оқиғасы болды

Ақмола облысында жабайы аңның республикалық тас жолға шығуына байланысты бірден екі жол апаты болды, деп хабарлайды Рolisia.kz телеграм каналы

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 7:00 шамасында болған. Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарады.

Полицейлер анықтағандай, бұлан республикалық Астана - Петропавл тас жолына шығып кеткен. Жабайы аңның кесірінен бірден екі автокөлікке механикалық зақым келді. Ал, олардың бірінің жүргізушісі түрлі жарақатпен емдеу мекемесіне жатқызылды.

Қазіргі уақытта Бурабай ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте