Түркістандық қымбат гүлдер өсіріп, оны жерлестеріне тегін таратып береді

Түркістан облысының тұрғыны қымбат гүлдер өсіріп, жерлестеріне тегін таратып беруде.

Созақ ауданы, Созақ ауылының тұрғыны Карамат Смайлованың ауласында гүлдің сан түрі жайқалып өсіп тұр. Олардың ішінде астра, хризантема, роза, райхан секілді 10 –нан аса астам сорты бар. Түрі мен түсін, бойы мен бабын келістіріп отырғызғандықтан тұрғынның үйіргелік жері бүгінде мәуелі гүл баққа айналған.

«Мен көптеген жылдар бойы көп қабатты тұрғын үйде тұрдым. Осыдан 5 жыл бұрын Созақ ауылына көшіп келдік. Үлкен үй алдық. Содан бала кезімнен хоббиіме айналған гүл өсіру ісін қолға алдым. Алғашқыда кей гүлдердің дәнін Ташкенттен алып келдім» - дейді ол.

Бүгінде Карамат Шәкірқызының ауласындағы жайқалып тұрған гүлдерді көру үшін қызықтап келетіндер көп. Тіпті, суретке түсіп, желіге жүктеу үшінде ауыл жастары жиі есік ұратын көрінеді. Сондай-ақ, туған күн мен той-жиынға сұрап келушілерде бар.

«Гүлдерді сатпаймын. Өзім гүлдерді жақсы көремін. Ал, жерлестеріме тегін таратып беремін. Өткен жылы біразын мектепке бердім» - дейді ол.

Караматқа көбінесе жолдасы көмектеседі. Жыл сайын жерді тегістеп, қажетті заттарын жеткізіп береді. Ал, гүл шыққаннан баптау жұмысын жүргізу Караматтың ісі. Таң атқаннан күн батқанға дейін қолындағы кішкене құрал-саймандарымен, арық ішіндегі шөпті шауып, түбін босатып жүреді. Уақытылы суарып отырады.

«Бұл менің сүйікті ісім. Алдағы уақытта тағыда көпшілікке таңсық гүлдерді өсіруді жоспарлап отырмын. Аулада жайқалып өскен гүлдер ерекше демалыс сыйлайды»-дейді Карамат Шәкірқызы.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте