Түркістан облысында экологияға байланысты 32 қылмыс тіркелді

Биылғы 8 айда Түркістан облысының аумағында қоршаған ортаға байланысты 32 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

«Облыс аумағында заңсыз балық аулауға, жер қойнауын өз бетінше пайдалануға, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін түрлерін заңсыз пайдалануға байланысты 32 экологиялық қылмысты анықтады. Оның ішінде 18 қылмыс «Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз аулау» бойынша тіркелген. Сондай-ақ, 14 іс сотқа жолданған», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жыл басынан бері балық аулау ережелерін бұзған 360-тан астам адамды жауапкершілікке тартты.

«Оның ішінде 335 құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК 383-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5,5 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды. Сондай-ақ, қолдануға заңмен тыйым салынған құралдардың көмегімен балық аулаған 26 адамға қатысты жиналған материалдар ҚР ӘҚБтК 383-бабының 3-тармағы бойынша заңды шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», - деп мәлімдейді ПД баспасөз қызметі.

Браконьерлерден 3 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық, 33 қайық, 4 қайық моторы мен 44 түрлі заңсыз балық аулау құралдары

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте