Шамалған бекетінің айналма жолында жер төсемін төгу жұмысы 80% аяқталды - ҚазАвтоЖол
- Шамалған бекетінің айналма жолында құрылыс жұмыстары қызу жүруде, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі.
Компания мәліметінше, Шамалған бекетінің айналма жолы нысанында мердігер ұйым құрылыс-монтаждау жұмыстарын қарқынды жүргізуде.
Бүгінде теміржол мен автожолдардың үстінен өтетін көпірлердің құрылысы жалғасуда. Құрылыс жұмыстарына 55 бірлік арнайы техника мен 250-ге жуық адам жұмылдырылған.
«Жер төсемін төгу жұмыстары 80%-ға аяқталып, 140 дана арқалық құралымдық бөлшектер орнатылды (барлығы 174 дана).
Сондай-ақ, жобада 3 жол өтпесі (көпірлер) мен 20 су өткізу құбырының құрылысы қарастырылған. Бүгінгі таңда көпірлердің құрылысы 79%-ға, ал су өткізу құбырлары 85%-ға аяқталды.
Темірбетон бұйымдары мен инертті материалдарды дайындау жұмыстары жалғасып жатыр»,- делінеді компания хабарламасында.
Сонымен бірге, «ҚазАвтоЖол» ҰК құрылысқа қажет жер учаскелерін қолданысқа алу бойынша Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп жұмыстар жүргізіп жатқанын хабарлады.
Вам может быть интересно: «Руто приведен к присяге в качестве пятого президента Кении»