Рим Папасының астанада өткізетін месса рәсімі тікелей трансляциядан көрсетіледі

Рим Папасының қатысуымен өтетін қасиетті месса шарасы тікелей трансляциядан көрсетіледі, деп хабарлайды Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі.

«14 қыркүйекте елордада Рим Папасы Францисктің қатысуымен Қасиетті Месса өтеді. Бұл рәсімге әр елден 3 мыңға жуық қажы келеді деп күтілуде. Мессаны көргісі келетіндер үшін тікелей эфир ұйымдастырылады.Тікелей трансляция Съездің Facebook желісінде жүргізіледі.

Месса сағат 16:45-те басталады», - делінген хабарламада.

Бұған дейін Рим Папасы Францистің елімізге сапары аясында Қазақстан жұртшылығы мен дипломатиялық корпус алдында сөз сөйлеуі, Мессасы, сонымен қатар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезіне қатысу жоспарланып отырғанын хабарланды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте