Батыс Қазақстан медицина университетіне жаңа ректор тағайындалды

 Әсет Қалиев М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің ректоры болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.

«Коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың басқарма төрағалары-ректорлары лауазымдарына кандидаттарды айқындау жөніндегі республикалық комиссияның шешімімен және ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Әсет Қалиев «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті« КЕАҚ-нің Басқарма төрағасы – ректоры болып тағайындалды», - делінген мәліметте.

Әсет Қалиев Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «дәрігер-хирург» мамандығы бойынша бітірген. 1997 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбек жолын Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының госпитальдық хирургия кафедрасында клиникалық ординатор болып бастады. Одан кейін Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасында оқыды. Қазір медицина ғылымдарының докторы.

Айта кетейік, бұған дейін «Қарағанды медицина университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректоры ауысып, бұл қызметке Анар Тұрмұхамбетова тағайындалған болатын.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте