Алматыда жыл басынан бері 2,6 мың отбасы ажырасып кетті

 Биыл Алматыда 2608 ерлі-зайыпты ажырасып кетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қалалық әділет департаменті басшысының орынбасары Зәуреш Сатхожина айтты.

Спикердің сөзінше, мегаполисте некеге тұрғандар саны артты. Мәселен, жыл басынан бері 19 367 жұп некесін қидырды.

«2022 жылдың 8 айында Алматы қаласында 84 507 азаматтық хал актісі тіркелген. Бұл тізімде 48 200 туу және 12 326 өлім актісі бар. Сонымен қатар, 19 367 неке туралы актісі есептелді. Айта кетерлігі, 2021 жылы дәл осы кезеңде 16 952 адам шаңырақ көтерген. Бірақ ажырасу азайған жоқ, жыл басынан бері 2608 отбасы ажырасып кетті. Былтыр 1870 ерлі-зайыпты некесін бұзған болатын»,- дейді Зәуреш Сатхожина.

Мамандардың айтуынша, ажырасудың басты себептерінің бірі - тума-туыстары мен бас қосқан екі адам арасындағы мінез қайшылығы.

«Ажырасудың негізгі себептері – баланың болмауы, жұмысыздық, баспанасының жоқтығы, ерлі-зайыптылардың біреуінің ішімдікке салынуы немесе есірткіге тәуелділігі. Бұдан бөлек, көзге шөп салу бар»,- деп атап өтті Түрксіб ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Жанна Дюсембаева.

Жанна Дюсембаеваның айтуынша, ажырасуға жас жұбайлар ғана емес, егде жастағы адамдар да жүгінеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте