Демалыс күндері солтүстік өңірлерде күн жылынады

 Қазгидромет алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстанның басым бөлігі аз қозғалатын антициклон жотасында болады. Нәтижесінде солтүстік өңірлерде күн жылынады.

Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, онымен күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2° үсік және тұман сақталады.

Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30+35°С, солтүстік-батыста +23+33°С, республиканың солтүстігінде ауа температурасы +17+25-тен +23+30°С-қа дейін, орталықта +15+22-ден +20+31°С-қа дейін, шығысында +13+21-ден +20 +28°С-қа дейін көтеріледі, елдің оңтүстігінде ауа температурасының негізгі аясы +27+32°С, оңтүстік-шығысында +20+28°С.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте