Шетелден уақытша әкелінген 125 көлік анықталды

Қазақстанға Грузия мен Әзербайжаннан уақытша көлік әкелу жағдайлары жиілеген. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлайды.

Осыған орай рейдтік шаралар өтті. Қазіргі таңда 125 автокөлік анықталып, уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

Айта кетсек, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары өз бойынша шетелдік тауарлар болып табылады және кедендік бақылауда болады. Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұл 1 жыл) автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет.

Комитет уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік рәсімнен және тиесілі кедендік алымдарды және салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте