Жеңілдетілген несие бағдарламасымен қанша қазақстандық автокөлік алды
17-30 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтан қаласында ФИДЕ (WGP) әйелдер арасындағы гран-при жарысының бірінші кезеңі өтеді.
Қазақстан шахмат федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін турнирге әлемнің ең үздік 12 шахматшысы жиналатынын жазды.
Қазақстан «Women Grand Prix-2022» турнирін ұйымдастырушы құқығында ойыншы ретінде үміткерді ұсына алады. WGP кезеңінің осы сериясында Қазақстанның намысын Бибісара Асаубаева қорғайды.
Турнирдің ресми регламентіне және халықаралық рейтингісіне сәйкес шахматтан ҚР әйелдер құрамасының көшбасшысы Жансая Әбдімәлік те қатысушылар тізіміне енді.
Турнир қорытындысы бойынша «WGP» сериясында ең көп ұпай жинағандар ФИДЕ үміткерлерінің әйелдер турниріне қатысу құқығына ие болады.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда түсті металлургия өндірісінің көлемі 7,6 пайызға артты»