ТЖМ: елімізде шомылуға рұқсат етілген 497 орын бекітілген

1 маусымда елімізде шомылу кезеңі басталды. Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі құзырлы министрліктер және әкімдіктермен бірлесіп кешенді алдын алу жұмыстарын ұйымдастырып, іске асыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

Оның айтуынша, судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері республикалық деңгейде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссияның отырысында, өңірлерде төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық, қалалық, аудандық комиссияларда қаралып, нақты міндеттер мен іс-шаралар айқындалған.

«Қазіргі таңда елімізде шомылуға рұқсат етілген 497 орын бекітілген, оның ішінде 142-сі коммуналдық, 341-і жеке жағажайлар және 14 орын бойынша нақты иелерін бекіту жұмыстары жүргізілуде», - деді спикер.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте