Қазақ-қырғыз шекарасында бензин тасымалдаушы көлік саны өскен

2654

Қазақ-қырғыз шекарасында бензин тасымалдайтын көлік құралдар саны ұлғайған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлайды.

«Қазіргі уақытта қазақ-қырғыз шекарасында шекара арқылы жанар-жағармай материалдарын (бензин) тасымалдаушы автокөлік құралдары санының ұлғайғаны байқалуда. Сонымен қатар тасымалдау ережелерінің бұзылуы да тіркелуде», - делінген ресми хабарламада.

Бұл жағдай шекаралық өткелдерге тікелей жақын жерде автокөлік құралдарының жиналуына алғышарттар тудыруда.

Шекарадан өту бойынша кеңес алу үшін хабарласу телефоны: 8 (7172) 719-549. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube