Елімізде 157 адам коронавирустан емделіп жатыр

1973

13 маусымдағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда 157 адам коронавирус инфекциясынан емделуде.

Ведомствоаралық комиссия таратқан деректерге қарағанда, 35 пациент стационарда, 122 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

«Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бүгін 7 азамат қауіпті індеттен жазылып шығып, қатарға қосылды. Оның 5-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 2-еуі Алматы қаласында тұрады. Бүгінде елімізде барлығы 1 292 089 адам COVID-19-дан емделіп шықты», - деп жазды ведомство.

12 маусымда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 514 841 адам, екінші компонентін 9 292 996 адам салдырған. Pfizer екпесінің алғашқы дозасын 1 207 136 адам, екінші дозасын 1 088 855 тұрғын қабылдады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube