Теміржол көлігімен 5 айда 106 млн тоннадан астам жүк тасымалданды

Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде жүк тиеу 106 млн.тоннаны құрады. Республикаішілік тасымалдар 4%-ке, яғни 70 млн.тоннаға дейін ұлғайды. Экспортқа 36,2 млн. тонна жөнелтілді.

Тас көмір тасымалында оң қарқын байқалады. Атап айтқанда, 5 айда қатты отынның 46,1 млн. тоннасы тасымалданса, бұл өткен жыл деңгейінен 5%-ке жоғары. Оның ел ішіндегісі – 31,7 млн.тонна. Экспорт 21%-ке, яғни 14,4 млн.тоннаға дейін өсті. Астық тасымалдау көлемі 3,9 млн. тонна деңгейінде. Экспорт 5%-ке, яғни 3,1 млн.тоннаға дейін ұлғайды.

Ағымдағы жылдың бес айында химиялық тыңайтқыштарды тасымалдау 9%-ке (шамамен 1,7 млн.тонна), мұнай жүктері 5%-ке (7,4 млн. тоннаға дейін) артты. Темір және марганец кендерін тиеу 9,3 млн.тоннаны, түсті кенді тиеу 9,1 млн. тоннаны және құрылыс жүктерін тиеу 5,2 млн. тоннаны құрады.

2022 жылдың мамыр айында жүк тасымалдау көлемі 20,7 млн.тонна болды. Республикаішілік тасымалдар 14,2 млн. тонна деңгейінде. Соның ішінде тиелген тас көмір – 7,9 млн. тонна. Ел бойынша тиелгені 5,4 млн.тонна, экспортқа - 2,5 млн. тонна.

Осы жылдың мамыр айында химиялық тыңайтқыштарды тасымалдау 11%-ке (360 мың тоннаға дейін), мұнай жүктерін тасымалдау 22%-ке (1,6 млн.тоннаға дейін) ұлғайды.

Темір және марганец кенінің 1,7 млн. тоннасы, сондай-ақ 1,9 млн. тонна түсті кен, 1,5 млн. тонна құрылыс жүктері тиелді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте