11 маусымнан 5 қарашаға дейін елордада әр демалыс күндері ауылшаруашылық жәрмеңкелері өтеді. Оған 40-тан астам жергілікті кәсіпкер мен өңірлердің өндірушілері қатысады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкелерде көкөністердің негізгі түрлері, сол сияқты ет және сүт өнімдері, азық-түлік, балық, бал ұсынылады, олар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша базар бағасынан арзан сатылатын болады.
Оған Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер тартылды.
Жәрмеңке маусымы барысында фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің аймақтық жәрмеңкелері өтеді.
Жәрмеңке Тұран даңғылы, 48 мекенжайындағы «Астана-Арена» стадионының жанындағы тұрақта өтеді және сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»