Қазақстан мен Әзербайжан өзара сауда айналымын арттыруда

ҚР СИМ ТРМК ҚазСтандарт басшылығы Баку қаласында Сауда-экономикалық миссияға қатысты.
Миссия шеңберінде ҚазСтандарт Әзербайжан стандарттау институтымен және Әзербайжан метрология институтымен келісімге қол қойды.

Келісімдердің негізгі мақсаттары:

- өзара жеткізілетін өнімге стандарттарды қабылдау және қолдану;
- биомедицина және т.б.саласында мемлекеттік стандартты үлгілерді жасау;
- электр өлшемдері бойынша бірлескен салғастыруларды өткізу;
- стандарттау және метрология саласында бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын іске асыру.

«Бұл келісімдер өзара сауда айналымын арттыруға көмектеседі. Бұл ретте, Әзербайжан кәсіпкерлері өз өнімдерін одан әрі экспорттау үшін Қазақстанның өңірлік референттік орталығына жүгіне алады» - деп ҚазСтандарт басшысы Ғабит Мұхамбетов атап өтті.

Қазақстан өнімдерінің экспорты 2022 жылғы тек қаңтар - наурыз айларында 3,7 есе өсіп, 71,4 млн. АҚШ. долл. құрағанын естеріңізге саламыз.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте