Бір жылда (2022 жылғы мамыр 2021 жылғы мамырға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 27,9%, жаңа тұрғын үйлерді сату 19,3% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2022 жылғы мамырда 22,8% артты.
Ұлттық статистика бюросының Баға статистикасы департаментінің директоры Қуанышбек Жақыпбекұлының айтуынша, өңірлік бөліністе жаңа тұрғын үйдің шаршы метрі жылдық мәнде айтарлықтай Нұр-Сұлтан қаласында қымбаттады – 27,2%-ға.
«Тұрғын үйдің қайта сату нарығындағы жоғары өсім Талдықорған қ. (48,6%), тұрғын үйді жалға беру нарығындағы көшті Алматы қ. бастап тұр (49,9%)», – деп атап өтті Қ. Жақыпбекұлы.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»