Жалған шот-фактура берумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды
Қаржылық мониторинг агенттігі көлеңкелі экономикамен күрес жұмысы аясында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.
«Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті контрагенттер-сатып алушыларды салық төлеуден босату мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.
2018-2021 жылдар аралығында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетінен жалпы айналым 2 миллиард теңгеден асқаны, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспегені анықталды» делінген хабарламада.
Күдікті үйқамаққа алынды.
Қылмыстық іс аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.
Вам может быть интересно: «Қырғызстан Президенті «Ақ кеме» мәрмәр шатырында Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алды»