Тимофей Скатов Ролан Гаррос турнирінің негізгі кезеңіне шыға алмады

Қазақстандық, әлемнің 191-ракеткасы Тимофей Скатов Парижде Ролан Гаррос турнирінде ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының жартылай финалында дүниежүзілік рейтингте 203-орында тұрған аргентиналық Сантьяго Родригес Тавернемен кездесті. Тимофей Скатов қарсыласына 5:7, 1:6 есебімен есе жіберді.

Биыл Франция ашық чемпионатында жекелей сында әйелдерден Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева, ерлерден Александр Бублик өнер көрсетеді. Жұптық сында Андрей Голубев, Анна Данилина, Александр Недовесов Қазақстан атынан шығады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте