Энергетика саласында жергілікті қамту үлесі артып келеді

1786

Энергетика секторында жер қойнауын пайдаланушылар тарапынан ТЖКҚ (тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алудағы жергілікті қамту үлесі 61,8%-ды құрады. Бұл жайында 26 сәуірде өткен үкімет отырысында ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім етті.

2021 жылдың қорытындысы бойынша энергетика секторындағы жер қойнауын пайдаланушылардың ТЖКҚ сатып алу көлемі 4,69 трлн теңгені құраған. 2,9 трлн теңгеге сатып алынған жергілікті қамту үлесінің орташа салалық көрсеткіші 61,8%-ды құраса, оның ішінде тауар түріндегі үлес көрсеткіші – 24,3%, жұмыс түрінде – 76,4%, көрсетілетін қызметтер бойынша – 53,6%.

Тауарлардағы жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында ҚР энергетика министрлігі екі бастаманы іске асырған. Бұл бастамаларға сәйкес, біріншіден, «Шеврон» компаниясы Қазақстан Республикасы алдындағы өзінің қайта инвестициялау міндеттемелері аясында Қазақстанның табысты кәсіпорындарына 248,5 млн АҚШ долларын бөлуді көздейді; екіншіден, «Мұнай-газ саласында машина жасауды дамытудың халықаралық орталығы» құрылып, ол үш ірі оператордың (Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг және Норт Каспиан Оперейтинг) мұқтаждығы үшін жергілікті тауарларды дамыту жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда аталған Орталық үш тауар тобы бойынша өз жұмысын жергілікті деңгейге лайықтап, өнім шығаруға кіріскен, мысалы, тиек арматурасы (клапандар), бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика (БӨАжА) және электр-техникалық құрал-жабдықтары сияқты. Сондай-ақ, жергілікті деңгейде өндіруге болатын бірқатар тауар тобы анықталған, олар: технологиялық сүзгілер, сорғылар, тығыздағыштар, құбыр өнімдері, жылыту, желдету және ауаны баптау жүйелері.
Айтқандай, бүгінде еліміздегі мұнай-газ-химия секторы төмендегідей өнімдерді шығаруда: майлау материалдары, полипропилен, метил-трет-бутил эфирі, октан арттырғыш қосындылар, бензол және параксилол өнімдері.

2022 жылы қуат көрсеткіші жылына 500 мың тонна полипропилен өндіре алатын зауыт іске қосылады деп жоспарланған.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить