Қазақстан жаңалықтар
26 апреля 2022, 12:04
Маска тағу режимі қызыл аймаққа ауысқан кезде ғана енгізіледі - ДСМ
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу жөнінде 10 қаулы бар, оның ішінде 6 негізгі қаулы және 4 негізгі қаулыға өзгерістер енгізу. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлайды.
Осы қаулылардың біріне сәйкес, маска режиміне, әлеуметтік қашықтыққа және күнделікті «кіру» сүзгісін жүргізуге қойылатын талаптар, «Ashyq» қосымшасын пайдалану, кабинеттік оқыту жүйесін жою, сондай-ақ көпшілік іс-шараларды өткізуге тыйым салу өңір «қызыл» аймаққа (жоғары эпидемиологиялық тәуекел) ауысқан кезде ғана енгізілетін болады.
Вам может быть интересно: «Байден номинировал Бриджет Бринк на пост посла в Украине»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes