Жібек Құламбаева Шымкент турнирінің ширек финалына шықты

3250

Қазақстандық Жібек Құламбаева Шымкентте ITF сериясы бойынша өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Әлемнің 489-ракеткасы Жібек жекелей сында екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 1142-орында тұрған ресейлік Мария Крупенинамен кездесті. Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші 6:2, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Жібек Құламбаева жұптық сында осы жарыстың жартылай финалына да өтті. Ол ресейлік Анастасич Сухотинамен бірге ширек финалда ресейлік Елизавета Шебекина – белоруссиялық Ксения Ерштан 6:4, 6:2 есебімен басым түсті.

Тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев Тунисте өтіп жатқан ITF M15 жарысының ширек финалына шықты. Ол екінші айналымда франциялық Мартин Брейсахты жолдан тайдырды – 6:4, 4:6, 6:3.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить