Қанат Қасымжанов «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды

Қанат Қасымжанов «Қазмедиа орталығы» БК» ЖШС Бас директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды  ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Telegram каналы.

Қасымжанов Қанат Сәкенұлы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, the University of Glasgow, Adam Smith Business School-ді бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Казкоммерцбанк» АҚ бастап, «Қазақстан Халық банкі» АҚ-да, «Еуразиялық банк» АҚ-да менеджер, аға менеджер, басқарма бастығы, Астана халықаралық қаржы орталығының бас менеджері лауазымдарын атқарды.

Бұған дейін «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте