Елордада әуесқойлар арасында теннистен «Nur-SultanSpring open 2022» қайырымдылық турнирі басталды
Нұр-Сұлтан қаласында Наурыз мекересіне орай «Дәулет» теннис орталығында әуесқой теннисшілер арасында «Nur-SultanSpring open 2022» қайырымдылық турнирі басталады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.
Мұқтаж жандардың жүргіне жылу, үміт беруді көздейтін додаға 5 өңірден 150 әуесқой ракеткашы келді.
Турнирдің ашылу салтанатына Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жакенов, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ресми өкілі Эльвира Бегишова қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
«Бүгінгі турнирде өздеріңізді көргеніме қуаныштымын. Теннис кез келген жастағы адам үшін қолжетімді және кең тараған спорт. Бас қаламыздың белсенді тұрғындары арасында ракетканы жанына серік еткендер де аз емес. Салауатты өмір салты үшін спортпен шұғылданады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Ал бұқаралық спортты дамыту еліміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Игі іс тындырып, көмекке мұқтаж жандардың пайдасына жарау Наурыз мейрамындағы ізгі амалдың бірі деп білемін. Жомарт жүректі сіздерге алғысым шексіз», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жакенов.
Ашылу салтанатынан соң спортшылар жұптық сында күш сынасты. Регламентке сай жарыс әйелдер арасында жекелей, жұптық және аралас жұптық санатында өтіп жатыр.
«Бұл шарамыз 2019 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. Елорда және өзге қалалардан қатысуға ниет білдіргендер санының көптігі еңбегіміздің еленгені деп білемін. Сондай-ақ турнир барысында спортшылар арасында лотерея ойнатылады, оның бас жүлдесі теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі және Australian Open 2022 финалисі – Анна Данилинаның жеке ракеткасы. Лотереядан жиналған барлық қаражат инклюзивті бастамалар мен жобаларды дамыту үшін жұмсалады», – деді ұйымдастырушы Ерік Ілиясов.
Вам может быть интересно: «Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қала әкімдігін басып алуға қатысқан 2 шетелдік ұсталды»