Елордада заңсыз майнинг фермасы анықталды

Астанада заңсыз майнинг фермасы анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінен мәлім етті.

«ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментімен бірлесіп, қала аумағындағы өнеркәсіптік базалардың бірінде заңсыз майнинг фермасын анықтады.

Майнингке арналған 56 бірлік құрал-жабдық табылды.

Өндірілген криптовалютаны 237 000 АҚШ долларлар көлемінде қолма-қол ақшаға айналдыру жүзеге асырылған.

Тергеу амалдары жүргізілуде», - делінген агенттік мәліметінде

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте