Өткен жылы ақылы автожолдардан 8 млрд теңгеден астам қаражат түсті

-Былтыр ақылы автомобиль жолдарынан түскен қаражат көлемі 8,1 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды ИИДМ.

Жалпы ұзындығы 682 шақырым болатын төрт ақылы жол: «Нұр-Сұлтан - Теміртау», «Нұр-Сұлтан - Щучинск», «Алматы - Қапшағай» және «Алматы - Қорғас» республикалық жол учаскелерінен 6,9 млрд. теңге түсті.

Сонымен қатар, елімізде өткен жылдың 23-қарашасынан бастап тағы 7 ақылы учаске жұмыс істей бастады. Олар: «Тараз – Қайнар», «Шымкент – Қызылорда», «Шымкент – Тараз», «Шымкент – Өзбекстан шеккарасы», «Талдықорған – Қапшағай», «Көкшетау – Щучинск», «Нұр-Сұлтан – Павлодар» автожолдары. Бұл учаскелерде бір айдан сәл астам уақыт ішінде 1,2 млрд. теңгені түсті.

Жиналған қаражат ақылы жолдарды күтіп ұстауға және бағдарламалық-аппараттық кешенін қолдауға бағытталды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте