Министр Ғиният карантин қандай жағдайда 7 күннен кейін аяқталатынын айтты

Денсаулық сақтау министрлігі "омикрон" штамының таралу жылдамдығы мен ағымының ерекшеліктерін ескеріп, карантин мен Ashyq-тағы статустың өзгеру мерзімін қайта қарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, вирус жұқтырған адаммен жақын байланыста болған және симптомсыз науқастар үшін карантин мерзімі 14-тен 10 күнге дейін қысқартылды.

"Бұл ретте, 7 тәуліктен кейін ПТР-тест теріс нәтиже көрсетсе, карантин аяқталады. Егер қандай да бір себептермен 7 тәуліктен кейін ПТР-тест тапсырылмаса, онда карантин қосымша тест тапсырусыз 10-шы күні аяқталады", - деп түсіндірді Ғиният үкімет отырысында.

Айтуынша, бұл өлшемшарттар бас мемлекеттік санитар дәрігердің шектеу шаралары, жұмыс ережелері мен Ashyq-тағы мәртебенің өзгеруін айқындайтын қаулыларында көрініс тапты.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте