Қаза тапқан полицейлердің отбасына қанша өтемақы төленеді

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік міндетін атқару кезінде қаза болған полицейлердің отбасына қандай қолдау көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр қаңтарда террористер қолынан полицейлер мен Ұлттық ұланның 8 қызметкері қаза тапқанын, ал 2911-і жарақат алғанын мәлімдеді.

Ерлікпен қаза тапқан құқыққорғаушылар II және III дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты көмек көрсетілді.

"Одан бөлек, заң бойынша қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлердің отбасына 5 жылға ақшалай өтемақы, жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді", - деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіпсіздіктер кезінде қаза болған полицейлер мен әскерилердің отбасы баспанамен қамтамасыз етілетінін мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі міндеттерін өтеу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің, құқыққорғау және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің балаларына университетте оқу үшін білім грантын беру ұсынылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте