ІІМ-нің сенім телефондарына полицейлердің әрекеттеріне қатысты 17 қоңырау келіп түсті

2482

ІІМ-нің сенім телефондарына полицейлердің әрекеттеріне қатысты 17 қоңырау келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес ішкі істер органдарының өзіндік қауіпсіздік бөлімшелері азаматтардың өтініштеріне, әсіресе полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне жедел ден қоюды қамтамасыз етті.

Мәселен, өткен тәулікте сенім телефондарына азаматтардан 57 өтініш келіп түсті, оның ішінде 40 өтініш консультативтік-анықтамалық сипатта (көші-қон, халықты құжаттандыру, көлік құралдарын тіркеу және қайта тіркеу, айыппұл есептеу, сақтандыру, әлеуметтік мәселелер, ЖКО мәселелері, ақылы жолдардың, ХҚКО-лардың жұмыс істеуі және т.б.) және 17-сі полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты болды.

Мән-жайды анықтауды қажет ететін барлық келіп түскен өтініштер бойынша тексерулер жүргізіледі (АЕК-те 8 өтініш тіркелді және 4-і бойынша қызметтік тергеу тағайындалды) және шағымданушыларға толық түсініктеме берілді.

Мысалы, 15 қаңтарда “Әділет жолы” РҚБ-нің өкілі А. Пшеновтен Семей қаласында ұсталған 2001 жылы туған О.есімді азаматтың тағдырын білуді сұраған өтініш келіп түсті.

Аталған өтінішті тексеру кезінде О.есімді азаматтың ҚР ҚПК-нің 128 және 131-баптары бойынша ҚР ҚК-тің 269-бабының 3-бөлігі (Ғимарат пен құрылысқа шабуыл жасау) және 272-бабының 2-бөлігі (Жаппай тәртіпсіздік) бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде ұсталғаны анықталды.

9 қаңтарда Семей қаласының соты ұсталған адамға қатысты екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Тексеру нәтижелері бойынша О.есімді азаматтың орналасқан жері туралы Пшеновқа хабарланды.

Осыған ұқсас әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Instagram әлеуметтік желісінде “Di Seisen” парақшасында Алматы қаласындағы митингілер мен тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген күдікпен ұсталған жігіттің әкесі жазған хабарлама орналастырылған. Ол ұлым Алматы қалалық ПД УҰИ-да жүргенде оны ұрып-соққан деп жазған.

Осы хабарлама бойынша өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеруді бастады. Тексеру кезінде жәбірленуші мен оның әкесінің сауалнамалық деректері анықталды, бірақ соңғысы полиция қызметкерлерінің әрекеттеріне байланысты өтініш беруден бас тартты.

ІІМ ӨҚД-нің сенім телефонына “14-02” жүгінген азаматтар консультациялық-анықтамалық көмектер ала алады.

Консультативтік-ақпараттық көмек алумен қатар, азаматтар полиция қызметкерлерімен байланысты туындаған түрлі жағдайларға да қанығады. Бұл сізге жедел әрекет етуге, тексеруге және әрбір нақты жағдайға түсінік беруге мүмкіндік береді.

– Біз халықпен тығыз байланыста болуға мүдделіміз, бұл бізге қорытынды жасауға және алдағы уақытта ІІО жеке құрамы тарапынан орын алуы мүмкін бұзушылықтардың жолын кесуге мүмкіндік береді, – деп мәлімдеді ӨҚД.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить