Қазақстанның тағы төрт өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстарында төтенше жағдайдың күшін жою туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттің жарлығына сәйкес, Шымкент қаласы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстарының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші бүгін, 14 қаңтар күні сағат 18.00-ден бастап жойылады.

Бұған дейін Батыс Қазақстан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жағдай режимі алынып тасталған болатын.

Еске салсақ, елдегі бүлікке байланысты Қазақстанда 5 қаңтардан 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай режимі енгізілді.

Жаппай наразылық осы жылдың басында Жаңаөзен мен Ақтау қаласында басталды. Кейін басқа қалалардың тұрғындары да наразылық шеруіне шыға бастады.

Алматы қаласында наразылық шеруі жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Артынша қалада содырлар лаңкестік әрекет жасады. Олар әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасап, өртеп жіберді. Салдарынан күш құрылымдары қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар қаза тапты.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1789 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить