Turkish Airlines Қазақстанға рейстерді қайта жүргізе бастайды

13 қаңтардан бастап «Turkish Airlines» әуе компаниясы Ыстамбұлдан Нұр-Сұлтанға тұрақты рейстерді қайта бастайды, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

14 қаңтардан бастап Ақтауға, 15 қаңтардан Түркістанға рейсерді қайта ашу жоспарлануда. Сондай-ақ Алматыға тұрақты рейстерді қайта бастау жоспарлануда.

«Turkish Airlines» әуе компаниясының рейстеріне билеттерді әуе компанияның сайтынан сатып алуға болады.

Рейстер санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте