Нұр-Сұлтанда бір жылда қазақтың көрнекті тұлғаларына арнап 10-ға жуық ескерткіш орнатылды

2021 жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордада мәдениеттің және жалпы елдің дамуына үлкен үлес қосқан белгілі қазақ қайраткерлеріне арналған ескерткіштер жинағы ашылды, сондай-ақ күн сайын жұртты қауіптен құтқарып қалатын өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерінің құрметіне монументтер орнатылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

2021 жылы Нұр-Сұлтанда қазақ халқының көрнекті тұлғаларына ескерткіштер орнатылды:

- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев;

- Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Талғат Бигелдинов;

- Алаш қайраткерлері – Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы;

- Халық әртісі, күйші, композитор, қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткері – Дина Нұрпейісова;

- Академик Қаныш Сәтбаев;

- Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіров;

- Мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшенев;

- Философ және ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби;

- Ағартушы Ыбырай Алтынсарин;

- Сондай-ақ, коронавирустық инфекциямен алдыңғы шепте күрескендердің ерлігіне арналған «Алтын жүрек» мемориалы орнатылды.

Бұл жұмыс жастардың рухани, патриоттық және мәдени құндылықтарын насихаттау мақсатында жүргізіледі.

Айта кету керек, елордада тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін сақтау бойынша үлкен жұмыстар жүргізілуде.

Елорданың мәдениет басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қалада барлығы 42 тарихи және мәдени ескерткіш бар. Оның ішінде үшеуінің республикалық маңызы бар: «Бұрынғы мұсылман мектебі» (XIX ғасырда салынған), 1963 жылы салынған «Конгресс холл», «Бозоқ қалашығы», Х-ХІХ ғғ.; 39 жергілікті маңызы бар (соның ішінде ансамбльдер мен кешендер – 1, киелі нысандар – 1, монументалды құрылыстар – 7, археология ескерткіштері – 7, қала құрылысы және сәулет ескерткіштері – 23).

Бөгенбай батыр, А.С. Пушкин ескерткіштеріне, Чернобыль трагедиясы құрбандарына, С.Сейфуллин мұражайының ғимаратына, «Астана» мүсіндеріне, «Жер-Ана» және «Астана жұлдызы» монументтеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте