Қостанай әкімдігіне қарасты мекеме басшысы 15 тәулікке қамалды

Қостанай қаласы әкімдігіне қарасты «Қостанай-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысы 15 тәулікке қамалып, 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды. Бұл туралы Қостанай облыстық сотының ресми сайты хабарлайды.

Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты Қостанай әкімдігіне қарасты «Қостанай-Су» МКК басшысына қатысты әкімшілік істі қарады.

«Сотта анықталғандай, 2021 жылы 27 қарашада «Chevrolet» маркалы автокөлігін тізгіндеген Ф. есімді азамат ішкі істер органдары қызметкерлерінің алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаңдықты анықтау үшін медициналық куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамағаны дәлелденді.

Азамат Ф. өз әрекеті үшінҚРӘҚБтК-нің 613-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Ол 15 тәулікке қамауға алынып, 8 жылға транспорттық құралды басқару құқығынан айырылды. Қаулы заңды күшіне енді», - делінген сот мәліметінде.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте