Қазақстанда соңғы 1,5 жылда шетелдік инвестициялар көлемі алғаш рет өсті

Соңғы бірнеше жылда жаһандық саяси және экономикалық ахуалдың нашарлап, пандемияға байланысты әлемдік экономикада тікелей шетелдік инвестициялар көлемі қысқарып жатқаны байқалды, деп мәлімдеді Ұлттық экономика вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров, деп хабарлайды Sputnik.

2020 жылы шетелдік инвестициялардың жаһандық ағыны 35%-ке қысқарды. Бұл соңғы 30 жылда инвестиция ең аз тартылған кез.

Қазақстанда 2020 жылы тікелей шетелдік инвестиция көрсеткіші 30 процентке төмендеп, 17 миллиард долларды құрады. Дегенмен биыл оң қарқын байқалады: бірінші жартыжылдықта 11,1 млрд доллар тартылды.

Жыл қорытындысы бойынша шамамен 20 миллиард, ал 2022 жылы пандемияға дейінгі деңгейге, яғни 24 миллиард долларға қол жеткізу көзделіп отыр.

Инвестициялық белсенділіктің өсуіне, негізінен, экономиканың шикізаттық емес секторлары үлес қосты.

Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция 1,8 есе, құрылысқа салынған инвестиция – 2,2 есе, ауыл шаруашылығы саласына тартылған иневстиция – 1,4 есе өсті.

Өңірлер бойынша ең жақсы көрсеткіш Шымкент, Алматы қалалары, Ақтөбе және Павлодар облыстарында тіркелді.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
600 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan Смотреть на Youtube