Елорданың тұрғын үй алаптарында қоқыс жинауға арналған 580 контейнер орнатылды
Қала шетінде тұрмыстық қатты қалдықтарды тұрақты шығаруға жағдай жасау мақсатында контейнерлер санын көбейту жұмыстары жалғасуда. Биыл елорданың Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы бір текше метр көлемінде 613 мырышталған контейнер сатып алды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
Қазір аудан әкімдіктерінің өтінімдері мен қала тұрғындарының өтініштеріне сәйкес Көктал 1, Көктал 2, Лесозавод, Үркер, Оңтүстік-Шығыс, Қазқалашық, Теміржолшылар елді мекендерінде, сол сияқты Техникум, Кристалл, Колледж жаңа тұрғын үй кешендерінде 580 контейнер орнатылды.
Мырышталған контейнерлердің артықшылығы – өзгелеріне қарағанды шыдамдырақ, сондай-ақ жиналған сұйықтықты төгетін тесікпен жабдықталған. Бұл оның шыдамдылық уақытын ұзартып қана қоймайды, сонымен қатар кейінгі гигиеналық тазалау кезінде де жұмысты жеңілдетеді.
Контейнерлердің бұл түрі тамақ қалдықтарын, жеке гигиена құралдарын, ағаш, тоқыма және қайта өңдеуге жатпайтын басқа да қалдықтарды жинауға арналған.
Елорда тұрғындары ҚТҚ жинау және контейнерлердің сақталуы проблемасына жауапкершілікпен қарауы қажет. Оның ішінде сөндірілмеген сіріңкелерді, темекі тұқылдарын және басқа да жанып жатқан заттарды тастауға, контейнерлердің ішінде, сондай-ақ ыдыстардың өзінде кездейсоқ жануға әкеп соғуы мүмкін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды, тұрмыстық, өнеркәсіптік және автомобиль химиясын төгуге болмайды.
Вам может быть интересно: «Эфиопия объявила режим ЧС по всей стране из-за нападения повстанцев»