Елорда қашан толығымен сандық телеарнаға көшеді

Елордада осы жылдың күз айының соңына дейін аналогты теледидарды толығымен өшіріп, сандық телеарнаға көшіру жоспарлануда. Бұл жұмыс цифрлық эфирлік телехабар таратуды енгізу бойынша жобаны іске асырудың төртінші кезеңі аясында жүргізілуде, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, цифрлық эфирлік телехабар таратуды кезең-кезеңімен енгізу жобасы Қазақстанда 2018 жылдан бастап жүзеге асырылуда.

Бүгінде еліміздің Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары, Алматы және Шымкент қалалары сияқты өңірлерінде ескірген телехабарлар толығымен өшірілді.

Жобаны іске асырудың төртінші кезеңі аясында 2021 жылдың 1 желтоқсанына дейін Нұр-Сұлтанда аналогтық теледидарды толығымен өшіру жоспарлануда. 

Аналогтық теледидарды толық өшіре отырып, цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшу жөніндегі жобаны іске асыруды аяқтау мақсатында Қазақстанның барлық аумағы бойынша 827 цифрлық радиотелевизиялық станция салу және жаңғырту жоспарлануда. Бүгінгі таңда 546 радиотелевизиялық станция пайдалануға берілді. Осылайша, халықтың 91,11% - ы цифрлық телевизияға кепілді түрде қол жеткізе алды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте