Қазақстан жаңалықтар
29 октября 2021, 12:03
Головкиннің жапондық боксшымен жекпе-жегінің уақыты белгілі болды
29 желтоқсан күні Жапонияда IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super белдігінің иесі Риота Мурата арасында жекпе-жек өтеді, деп хабарлайды Sports.kz сайты.
AsianMMA.com басылымының жазуынша, жекпе-жек Азиядағы тұрғындар үшін ыңғайлы уақытта өткізіледі.
«Жекпе-жек жергілікті уақыт бойынша түстен кейін өткізілуі мүмкін, сондықтан оны кешкі уақытта АҚШ-та трансляциялауға болады», - деп жазылған хабарламада.
Елорда мен Токио арасындағы уақыттың үш сағат айырмасын есепке ала отырып, Головкин-Мурата бокс шоуы сәрсенбі, 29 желтоқсанда кешке қарай басталуы мүмкін.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes