Аймағамбетов Ақтөбе облысы білім саласының жай-күйімен танысты

 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келіп, мектептерді аралады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары кезінде министр өңірдегі «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының жүзеге асырылуымен танысады.

Министр Асхат Аймағамбетов пен облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің жұмыс сапары 2020 жылы ашылған Aqbobek халықаралық жеке мектебінен басталды. Қазіргі таңда мұнда 500-дей бала білім алып, алпысқа жуық мұғалім еңбек етеді. Олардың қатарында «Болашақ» бағдарламасының түлектері де бар.

Ұстаздар қауымымен тілдескен Асхат Аймағамбетов мектептің кітапхана қорын әлем әдебиетінің қазақ тіліндегі туындыларымен толықтыруды, үнемі мұғалімдердің біліктілігін арттыруды ұсынды.
Кейін № 51 мектепке барып, министр оқу процесімен танысты, қаланың мұғалімдерімен кездесіп, олармен өзекті сұрақтарды талқылады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте