ҚР Ұлттық банкінің тамыз айындағы қаржы нарығындағы ахуалға шолуы

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2021 жылдың тамыз айында инфляция 0,5% (2020 жылғы тамызда – 0,1%) болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сайтына сілтеме жасап.

Сайт таратқан мәлімет бойынша, жылдық инфляция 8,7% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 11,4%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 7,3%-ға, ақылы қызметтер – 6,6%-ға өсті.


Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылғы тамызда, алдын ала деректер бойынша, 5,2%-ға (жылдың басынан бастап 3,3%-ға) ұлғайып, 36,8 млрд АҚШ долларын құрады. Сайт мәліметіне сәйкес, резервтердің ұлғаюы Халықаралық валюта қорынан арнайы қарыз алу құқығын (SDR) алу аясында еркін айырбасталатын валютадағы активтердің, сондай-ақ алтын портфелінің өсуіне байланысты болды.

Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (56,9 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері 2021 жылы тамыздың соңында 93,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Ақша базасы 2021 жылы тамызда біршама азайып, 10 298,2 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 5,3%-ға ұлғайды). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейлі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 3%-ға 6 300,2 млрд теңгеге дейін (жыл басынан бастап – 23,8%-ға) кеңейді.

2021 жылғы тамызда ақша массасы 0,6%-ға азайып, 28 056,2 млрд теңге болды (жыл басынан бастап 12,6%-ға өсті), айналымдағы қолма-қол ақша 0,7%-ға, 3 014,5 млрд теңгеге дейін азайды (жыл басынан бастап 6,6%-ға өсті).

 

 

 

 

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте